• 21-03-2025

Астанада 19 көшеге ұлт зиялыларының есімі берілді

Елордадағы 69 көшеге белгілі тұлғалардың есімі мен жер-су атаулары берілді, деп хабарлайды 24kz.

Бұл үш жылдың ішінде қалалық Онамастика комиссиясының шығарған шешімі.

Сол секілді шаһардағы білім мекемелеріне де қазақ қайраткерлерінің атын берілді. Дегенмен, әлі де өзгертулерді қажет ететін көшелер бар.

Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:

- Бас қалада 1173 көше бар. Оның он сегізі даңғыл. Биыл 19 көшеге қазақ қайраткерлерінің есімі берілді. Оның бірі белгілі жазушы Оралхан Бөкейдің атымен аталды. Сол секілді Мұзафар Әлімбаев, Нұрлан Балғымбаев сынды ұлт зиялыларының атында көше бар. Дегенмен, әлі де түйіні тарқамаған түйткілдер жетерлік.

Дәулеткерей Кәпұлы, қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Керей Жәнібек хандар көшесі деген екеуін қатар беріп тастап, бір көшеге екі ханды. Енді біздің қазақ хандығының басында тұрған тұлғаларымыз ғой. Соны енді бөліміз бе, бөлмейміз бе деген сұрақ үнемі қозғалады. Меніңше екеуі екі есім, екі тұлға. Екінші бізде ойланып істелген бір шаруа бар, Мирзоян көшесін ұлы Қаныштың атына беру үлкен тарихи шешім болды.

Иә, елдік жолында еңбегі сіңген ерлер есімі елдің есінде мәңгі сақталуға тиіс. Дегенмен, тарихты түгендеп, өткенімізді жаңғыртқанда аса жауапкершілік керек. Бұл жайлы Бурабай баурайында өткен құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев та айтты. Ел Президенті, салаға салғырттық танытуға болмайтынын ескертті.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Кейбір қалада 5-6 атындағы көше бар, 5-6 үлкен дәрежедегі бір бірін қайталайтын көшелер бар. Ол азаматтар үшін қиындық тудырады. Бұның бәріне де тәртіп орнату керек екені айдан анық, Сол себептен заңда өзгеріп жатыр, сол себепті біршама орталыққа негіздеу жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ білім мекемелеріне де белгілі тұлғалардың есімін беріліп келеді. Мәселен былтыр 11 оқу ордасы Әлімхан Ермеков, Сұлтанбек Қожанов, Қасым Қайсенов секілді қайраткерлердің атымен аталды.

Дәулеткерей Кәпұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Қазақ даласындағы елорда елдің жүрегі болғаннан кейін қазақ даласындағы тарихи Аңырақайымыз бар, Күлтөбеміз бар, Мәртөбеміз бар осылардың барлығы Астананың төрінде тоғысуы керек. Өйткені ұрпақтың санасында жер су атаулары ол қақталған тарих қой. Болмаса, мына жерде Қозыкөшіміз бар.

Жыл басынан бері көшелер мен ғимараттардың атауларына қатысты 142 өтінім түскен. Алда комиссия мүшелері мұны мұқият қарайды. Егер кеңес құптаса, елорданың көп көшесіне мән беріп тұрған қазақы атаулардың қатары көбейеді.

Авторлары: Шернияз Жалғасбекұлы, Аружан Серікқызы, Мадияр Қындыбаев