Құрылтай: Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын көтеру керек
Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз! Бурабайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Ұл ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ақтөбелік студенттердің өнертабысы «Экспо-2025» көрмесіне қойылады. бірегей жоба теңіз балдырынан оттегі алуға және дәрі-дәрмек өндіруге бағытталған. Ал талантты оқушылардың бірі елді елең еткізген «Дубай шоколадтарын» жолда қалдыратын «Шок-құрт» деп аталатын өнім түрін ойлап тапты. «Мүмкіндіктер мекені» атты жас өнертапқыштар көрмесін Жақсыбек Кемал аралап келді.
«Спутникке сигнал беріп, өзіңізге көмек шақырта аласыз. Яғни осы дабыл батырмасында программа арқылы жұмыс жасайды».
Бұл хромтаулық оқушы Рамазан Қалжан ойлап тапқан қорғаныш капсуласы. Бұл әсіресе, су тасқыны кезінде аса қажет. Сырты аса берік материалдармен қапталып, ішіне дабыл тетігі мен өзге де құрылғылар орнатылады. Мұндай бір капсулаға жапондықтар 200 миллион теңге жұмсаса, бізде оны 30-40 есе арзанға жинауға болады.
Рамазан Қалжан, Тасөткел орта мектебінің оқушысы:
Бұл қорғаныс капсуласы қандай да бір апатқа төтеп бере алады. Су тасқыны боғлан жағдайда батпайды, эллипстен жасалған, шар түрінде. Жер сілкінісінде 200 мың тонна ауырлыққа дейін көтере алады. Бұл капсула ардоний сенсорларынан тұрады. Сұйық кристалды дисплей дегеніміз, экран дисплейінен ылғал және температура көрініп тұрады.
6 сынып оқушысы Назерке Ғапу «Шок-құрт» өнімін таныстырды. Ол бұған дейін елімізде трендте болған «Шоколадты құлпынай» секілді өнімдерге бәсекелес бола алатын ұлттық тағам ойлап табуды мақсат еттім дейді. Айтуынша, бұл тағам түріне қызығушылар өте көп.
Назерке Ғапу, №32 мектеп-гимназияның оқушысы:
«Шок құрт» деп атуымның себебі, «Дубай шоколады, «құлпынайдағы шоколад» секілді елге танытқым келді. Шоколадтың пішінін елге танымал «чупа чупске» ұқсаттым. Яғни бұған балалар да, үлкендер де қызығады. Шоколадты көбіне ата-аналар балаларға зиян деп жатады. Бірақ шоколадтың тек зиянды емес, пайдалы жағы да бар. Яғни, басыңыз ауырса, шоколадты анда-санда жеп тұрсаңыз, басылады.
Медицина университетінің студенттері Ақтөбе жерінде көп өсетін мыңжапырақ шөбінен қабынуға және басқа да ауру түрлеріне ем-дәрі дайындады. Бұл препараттарға отандық ғалымдар оң бағасын берген. Ал теңіз балдырынан оттегі алу жобасы елімізде тұңғыш рет қолға алынып отыр.
Сұлтанбек Қажет, медицина университетінің студенті:
Таза оттегімен байытылып отыр.Соның арқасында таза оттегі жұтамыз. Қарапайым ағашпен салыстырғанда, бұл он есе фотосинтездің көмегімен оттегі беруі ықтимал. Түбіне қарасаңыз, лайланған су секілді. Мына жерде тұнбасынан біз порошокты алып, протеиндейміз. Міне, жазып қойдық, биопротеинді аламыз. Оның құндылығы – В-12 витамині бар.
Өнертапқыш жастар жобаларын одан әрі жетілдіруді көздеп отыр. Ал микробалдырлардан оттегі алу жобасы қазірдің өзінде жоғары бағаға ие болып, биылғы «ЭКСПО» көрмесіне қатысуға мүмкіндік алды.
Жақсыбек Кемал