Бүгін – Наурызнама аясындағы Ынтымақ күні
Наурыз – тек көктем мерекесі ғана емес, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен ынтымақты күшейтетін маңызды әлеуметтік және ...
Шығыс Қазақстан облысында « Наурызнама » онкүндігі аясында ұлттық спорт күні аталып өтті.
Облыстың түкпір түкпірінде түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Өскеменде мергендер анықталса, Ұлан ауданында тай көтерген қара күш иелері қошеметке бөленді. Тіпті қыз-келіншектер де иығына серке салып, күш сынасты.
Ұлттық спортты ұлықтаудан Бозанбай ауылы алдына жан салмады. Әсірсе салмағы 400 келіге жуықтайтын тайды көтеруге тайсалмай шыққан жігіттер көп.
Мықтылардың мықтысы ғана мәреге жетті. Тайды көтеріп, 120 метр қашықтыты еңсерген азамат жеңімпаз атанып, марапатқа өзі көтерген сол тайды иеленді. Ер азаматтар тай көтеріп тайталасып жатқанда, қыз-келіншектер де қарап тұрмады.
Эльмира Ахметова, тілші:
- Ұлттық спортты ұлықтау, түрлі сайыстарға толып болып жатыр. Мінеки Бозанбайда қыз-келіншектер серке көтеруден сайысып жатыр. Бұл серкенің салмағы 30-40 келіге дейін жетеді. Ең көп кім көтереді, сол осы серкені үйіне алып кетеді.
Еркінгүл Оңай жарысқа бірінші болып шықтты. Көп балалы ана балабақшада тәрбиеші болып еңбек етеді. «Балалық шағым малдың қасында өтсе де мұндай сайысқа бірінші рет қатысып тұрмын»,- дейді ол. Еркінгүл қарсыластарына дес бермеді, серкені 83 рет көтеріп,үйіне әкетті.
Еркінгүл Оңай, Бозанбай ауылының тұрғыны:
- Салмағы деген ауыр екен өте енді, өз күшіммен көтердім. Басында 60 қой деп ойлағам 80-ге жетеді деп ойлағам жоқ.
Ал Өскемендегі еңбек ұжымдары садақ ату орталығына жиналып, шеберлік сағатына қатысты. Мәселен, жол спасын бақылауға жауапты орталықтың қызметкерлері жолдың ғана емес,нысананың да түзу болуы маңызды екенін түсіндік дейді.
Айдос Қабылбаев, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» облыстық филиалының инженері:
- Ерекше философия десек те болады. Бұл садақ ату орталығында әркім садақ ату өнерін үйренуге болады екен. Ал біздің ұжым садақ ату арқылы бабаларымздың дәстүрімен байланыса білді деуге болады.
Бибати Тұрымтайқызы, жаттықтырушы:
- Әркім өзімен арпалысады. Нысана және сен ғана. Сонда нысана мен екі ортада сондай әдемі арпалыс болады. Соның нәтижесінде адам өз-өзін жеңуге тырысады.
Жастар бес тас, тоғызқұмалақ ойнап санасын шынықтырды. Осылайша Наурызнама шеңберінде дәстүрлі спортты дәріптеу ерекше бір серпін алды.
Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов