Еркін күрестен Азия біріншілігі: Азамат Дәулетбеков үшінші орын алды
Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие ...
Бүгін Иордания астанасы Амманда күрес түрлерінен Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ТСМ Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, грек-рим күресінен бүгін бозкілемге шыққан 3 балуанымыз қарсыластарына есе жіберген.
60 келіде Бақытжан Қабдыл жапон спортшысы Каито Инабадан айласын асыра алмады. 2022 жылғы Азия чемпионы отандасымыз Мейіржан Шермахамбет Оңтүстік Корея балуаны Мин Сун Квонға 5: 11 есебімен жол берді.
72 келіде ел намысын қорғаған Әділхан Сатаев та алғашқы айналымнан аса алмады. Ол қырғыз балуанынан 7: 11 есебімен жеңілді.
Енді бұл спортшылар қарсыласының жарыс жолындағы нәтижесіне қарайды. Егер олар финалға жолдама алса, Ұлттық құрама өкілдері жұбаныш кезеңінде белдесуге мүмкіндік алады.
Еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие ...
Балуан Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші ...