• 14-03-2025

Есірткіге қарсы акция өтті

Елордада «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында 16 жасқа дейінгі балалар арасында жаппай жүгіру өтті. Ботаникалық бақта өткен жарысқа 16 жасқа дейінгі 300-ге жуық бала қатысты. Олар 1300 метрден астам қашықтықты жүріп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарыс нашақорлықпен күресудің кешенді жоспары аясында өтті.

«Біз өскелең ұрпақты спорт мәдениетіне баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында осындай шараларды өткізіп келеміз. Балаларға жақсы үлгі көрсетуге және оларға маңызды іс-шара ұйымдастыруға тырысамыз. Жыл басынан бері біз осындай 80-ге жуық профилактикалық іс-шара жүргіздік және бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды жоспарлап отырмыз», деді қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының өкілі Әлия Қибатқызы.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға естелік медальдар табыс етілді.