• 31-03-2025

Баспаналы болу – бір бақыт

«АМАНАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі – тұрғындардың баспана мәселесін шешу екені белгілі.

Бағдарламада көрсетілгендей, 2027 жылға дейінгі мерзімде елдегі 730 мыңнан астам отбасы үшін қолжетімді бағадағы 78 миллион шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салу жоспарын іске асыруға көзделген. Апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлердің 30 мыңға жуық иесі жаңа пәтерлерге көшуге мүмкіндік алуға тиіс.

Осы тұрғыдан алғанда Түркістан облысында құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Өңірде инфрақұрылымды жақсарту, халықты баспанамен, әлеуметтік нысандармен қамту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Өткен жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 379,1 млрд теңгеге жетіп, өсім 131 пайызды құрады. Жыл ішінде 1 035 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,3%-ға артық.

Халықты тұрғын үй¬мен қамтамасыз ету мақ¬сатында, аудан, қалаларда арендалық, ипотекалық баспаналар салынды. Облыста кезекте тұрған 3 мыңнан аса отбасының баспана мәселесі шешілді. Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекелері қарсаңында Түркістан, Кентау қалалары мен бірқатар аудан тұрғындарына пәтер кілттері табысталды. Түр¬кістанда қала әкімдігінің тап¬сырысымен жүргізілген «Жібек жолы» тұрғын үй кешені пай¬далануға берілді. Әкімшілік-іс-керлік орталығынан бой көтерген 5 қабатты 508 пәтерлі арендалық тұрғын үй баспана кезегінде тұрған азаматтарға үлестірілді. Жыл басынан бері Түркістан қаласында кезекте тұрған 482 отбасына пәтерлер табысталған болатын. Жалпы, жыл қорытындысында түркістандық 990 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда Түркістан қала¬сында тұрғын үй кезегінде 16549 адам тұр. Қаладағы тұрғын үйге мұқтаж адамдарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 944 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, биыл табысталады деп жоспарланған. Сауран ауданында 1379 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Жақында Жүйнек елді мекенінде 1 қабатты, 4 пәтерлі 4 үй пайдалануға берілді. Бұл жоба «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүзеге асырылды. Аталған тұжырымдама аясында Шардарада үй кезегінде тұрған 40 отбасы баспаналы болды. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Кентау қаласында 60 пәтерлі, 3 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгінде қалада мемлекеттік тұрғын үй кезегінде 4856 азамат тіркелген. Қала әкімдігінің мәлі¬метіне сүйенсек, 2018–2024 жылдар аралығында кезекте тұрған 1057 азаматқа мемлекет тарапынан пәтер берілген. Бұдан бөлек, қалада кредиттік тұрғын үй салу бағдарламасымен 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Ордабасы ауданында әлеумет¬тік тұрғыдан осал топтағы азамат-тарға арналып салынған баспа¬налардың құрылысы аяқталып, 12 отбасы жаңа үйлердің кілтін алды. Жаңа баспаналар заманауи стильде салынып, аулалары темір қоршаумен қоршалған. Су, жылу жүйелері толық орнатылған. Әр пәтер 3 бөлмелі, жалпы алаңы 62,5 шаршы метрді құрайды. Аудан орталығы Темірланда жеке инвесторлардың есебінен бір қабатты 26, үш қабатты 3 арендалық тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазірде бір қабатты 40 пәтердің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Алдағы уақытта үй кезегінде тұрған аз қамтылған отбасылық санаттар бойынша 136 пәтер табысталады.

Созақ ауданында да әлеумет¬тік тұрғыдан осал топтағы аза-маттарға арналып салынған жаңа баспаналардың құрылысы аяқталды. Созақтық 48 отбасы жаңа бас¬паналарының кілтін алды. Облыс әкімінің орынбасары Нұр¬бол Тұрашбеков өңірде әлеу¬меттік жағынан осал топтағы азамат¬тардың өмір сапасын жақсарту мақсатында бірқатар маңызды шара атқарылғанын атап өтті. «Бұл жұмыстар облыс әкімінің тікелей бақылауында тұр. Ел игілігіне ұсынылған әр баспана аудан тұрғындарына жайлы әрі заманауи қолайлы орта сыйлайды», деді Н.Тұрашбеков. Тұрғын үйлерде тұрғындардың жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Әр пәтердің жалпы алаңы 71,1 шаршы метрді құрайды.

Облыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім, медицина салаларындағы инфра¬құрылымды жақсарту, қолже¬тімділікті арттыру бағытындағы тапсырмасына сәйкес жоспарлы жұмыстар жалғасып жатыр. Демографиялық өсім жоғары өңірде қосымша 35 мың оқушы орнына тапшылық бар. Аталған мәселені шешу мақсатында 50 мектептің құрылысы, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 21 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр (7150 орын). Жеке инвес¬тиция есебінен 35 мектеп салынады (6 230 орын). Көптен жөндеу көрмеген 300-ден астам білім мекемесіне жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар өңірде «Ауылда ден¬саулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 41 медициналық нысан пайдалануға берілді.

Атап өткен көрсеткіштердің бәрі Түркістан облысының орнықты даму деңгейін білдіріп, республикамыздағы қуатты өңірге айналуының алғышартын түзіп берді деп білеміз. «АМАНАТ» партиясының Түркістан облыстық филиалы осы бағыттар бойынша жұмыстарды жалғастыруда облыс басшысына көмекші, облыстық атқарушы органдарға сенімді серіктес болып отыр.

Ғалымжан Елшібай,

«АМАНАТ» партиясынан сайланған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты