“Кореядан арзан көлік алдыртамын“. Астанада алаяқтық әшкере болды
Астана тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алая ...
Ақтөбедегі жасөспірімдер арасындағы қанды қылмыс бойынша іс сотқа жолданды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
Былтыр мамырдың аяғында Ақтөбе қаласының шетінде (мал базары аумағында) жасөспірімдер арасында төбелес шыққан, олар суық және атыс қаруын қолданған.
Оқиға салдарынан 8 жасөспірім оқ және пышақ жарақатын алып, Ақтөбе қаласының кәмелетке толмаған бір тұрғыны қаза тапқан.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес марқұмды көлікпен қағып, оған көптеген пышақ жарақатын салған.
"Сол кезде Облыстық Полиция департаменті ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Облыс прокуратурасы қылмыстық істі бақылауға алып, процестік прокурорлар тобын тағайындады", — деп жазылған хабарламада.
Полиция қызметкерлері жедел түрде қылмысқа қатысы бар 10 адамды ұстаған, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Тергеу нәтижесі бойынша қылмыстық іс тергеушінің соталды тергеп-тексеру аяқталғаны туралы баяндамасымен прокуратураға түсті.
Облыс прокуратурасы айыптау актісін жасақтап, іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Астана тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алая ...
Астанада тұрмыстық-отбасылық қылмыс біршама азайған. Қалалық прокуратурының мәлеметінше, жыл басынан бері ...
Ол дереу ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Алматының 21 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі жазб ...