Қазақстан Словения бизнесіне қолайлы жағдай жасауға ниетті
akorda.kz Қазақстан мен Словения президенттері шағын құрамдағы келіссөзден кейін кеңейтілген құрамға ойысты. Қасым ...
Қазақстандық делегация Адалдық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі дүниежүзілік форумға қатысып жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының Париждегі штаб-пәтеріне 90 елдің өкілі жиналды.
Негізгі тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күресте жаңа цифрлық шешімдерді қолдану. Әсіресе жасанды интеллект мен деректер талдамасына көп көңіл бөлініп отыр. Форум Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыс тобына кіру мәселесін де талқылауға мүмкіндік берді. Қазақстан кейінгі жылдары сыбайлас жемқорлық индексі бойынша позициясын айтарлықтай жақсартты. Жақында онымен күресте Орталық Азиядағы оң динамикасы бар жалғыз мемлекет ретінде танылды.
Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:
- Форумда құқықтық көмек көрсету, этикалық стандарттарды сақтау және жемқорлықпен күресте цифрлық шешімдерді қолдану мәселелері талқыланды. Сонымен қатар біз осы ұйымның кәсіпкерлік және қаржылық мәселер бойынша дирекция өкілдерімен кездестік. Кездесуде Қазақстанның осы ұйымның парақорлыққа қарсы жұмыс тобына кіру және конвенциясына қосылу мәселелерін талқыладық.
akorda.kz Қазақстан мен Словения президенттері шағын құрамдағы келіссөзден кейін кеңейтілген құрамға ойысты. Қасым ...
Еліміздің ақпараттық кеңістігінде жетекші орын алатын «Хабар» Агенттігі биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтуд ...
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, келіссөз қорытындысы туралы баянд ...