Қазақстан 2028-2029 жылы жоғары табысты елдердің қатарына қосылуы мүмкін
Қазақстан 2028-2029 жылы жоғары табысты елдердің қатарына енуі мүмкін. Еуразиялық даму банкінің сарапшылары ...
Елордадағы құрылыстың көрігін қыз-келіншектер қыздырып жүр.
Осындағы алып крандардың көбін әйелдер басқарады.
Отыз тоннадан ауыр жүк көтеретін машиналарды ұршықша үйіріп жүрген арулардың жұмысы.
Айымхан Есентаева құрылыс бұйымдарын өндіретін зауыттағы маңдайалды жұмысшылардың бірі. Аспалы кранның тізгіні осы кісінің қолында. Салмағы отыз тоннаға дейін баратын блоктарды көтеріп, конвейерге тиеуге жауапты. Бізді жылы қарсы алған кейіпкеріміз жұмыс барысында тазалыққа баса мән беретін бірден байқатты.
Айымхан Есентаева, аспалы кран машинисі:
- Аяғымызды шешеміз. Піссімілләмізді айтып, мінекей. Бірінші очередь тазалық қой бізде. Кабина таза болуы керек. Бұл біздің екінші үйіміз. Күні бойы өміріміз осы жерде өтеді. Енді тек қонады деп айтпасаңыз, қалғанының бәрі осы жерде. Аядай ғана тап-таза.
Айымхан апай алғаш 17 жасында кран тізгінін қолына алды. Содан бері 30 жыл өтіпті. Бастапқыда зәулім ғимараттарды салатын мұнаралы крандарды басқарды. Кейін зауытқа ауысуды жөн көрді. Дегенмен, бұл жерде де шеберлік қажет дейді маман.
Айымхан Есентаева, аспалы кран машинисі:
- Жұмыстың қиындығы неде?
- Қиындығы жүкте. Мына тұрған блктар мысалға 30 тонналық. Осыны шайқамай, дұрыс алып бару керек. Ең опасный жұмыс осы.
Бастысы сана сергек, жүрек тыныш болуы қажет дейді апай. Әр ауысым алдында жақсылап тынығып алған дұрыс. Краншылар екі күн, екі түннен кезектесіп жұмыс істейді. Содан кейін міндетті түрде екі тәулік демалады. Егер адамның бейімі болса, кранды басқару қиын емес екенін де айтты.
Айымхан Есентаева, аспалы кран машинисі:
- Мен, мысалы, осыны үйреніп кете аламын ба бірден? — Иә, үйренесіз. Енді қазір бұрын біздің уақытымызда екі жыл сегіз ай оқығанмын осыны. Ал қазір екі сағаттың ішінде үйретуім мүмкін.
Айымхан апайдың қысқа-нұсқа дәрісінен кейін мен де кранды жүргізіп көрдім. Бірден айтайық, оңай емес. Бірнеше тонна жүкті айтқан орынға дәл түсіруге қолдың машығы керек.
Нұрқанат Қанапия, тілші:
- Кран кабинасында отырып жүкті тасымалдап көрдік. Сондай-ақ жерде тұрып та пульпен де кранды басқаруға болады екен. Айымихан апай, енді бұл пульттің де жұмысы крандағыдай ма, қалай? Жұмыс механизмі қандай? — Иә, тура дәл сондай. Бұның айырмашылығы жоқ. Өзімізге мінеки тура сол майна, вира батырмалары, мінекей майна, вира, осы жерде тұрып істей аламыз мінеки.
Пультпен көбінесе 8 тоннадан жеңіл жүкті көтереді. Ал одан ауырын кабинадан қарап отырып тасымалдаған дұрыс. Жалпы, бұл крандар 32 тоннаға дейінгі жүкті көтеруге арналған. Дәл осындай 3 кран бар. Оларды басқаратын 6 машинистің 4-уі – қыз-келіншектер.
Бақтияр Бейсембин, цех бастығы:
- Өйткені ол позицияда көп мелкий нюанстар бар. Әйел адам именно сондай нюансқа жауапты болады, внимательный болады. Сол үшін алты крановщиктің ішінде төрт қыз бізде.
Алып крандарды әрі-бері зулатқан арулардың шеберлігінде мін жоқ. Кабинада әйел отырса, оқыс жағдай орын алмайтынына сенімді жүресің дейді цех бастығы.
Айымхан Есентаева, аспалы кран машинисі:
- Құрметті арулар! Сіздерді 8 наурыз меркесімен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңа амандық тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! “24 кз” телеарнасына қосылыңыздар!
Нұрқанат Қанапия, Мұрат Әріпханов