Үкімет 2026 жылы 12 заң жобасын әзірлейді
Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасы, екінші жартыжылдықта 7 құжат енгізілмек. Әділет министрі Ерлан Сәрс ...
Бүгін Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерген бастамаларды жүзеге асыру туралы жоспарға қол қойды.
53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірледі. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram каналында хабарлады. Жоспарда Президенттің гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық салалардағы тапсырмаларын орындауға қатысты нақты қадамдар көзделген. Олардың қатарында: «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын әзірлеу, Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы жоспар, Ұлттық цифрлық архив құру, Шетелде Абай институтын ашу, 2025-2026 жылдары ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тура шығатын автокөлік жолын салу және жаңғырту, Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру және жаңа аэровокзал кешенін салу және басқа да маңызды мәселелер қамтылған.
Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасы, екінші жартыжылдықта 7 құжат енгізілмек. Әділет министрі Ерлан Сәрс ...
XXV қысқы Олимпиада ойындары Италияда өтеді. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында 2026 ...
Талғат Смағулов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары ...