Шығын 92 миллион теңге: Оңтүстік Кореяға жұмыс визасын алмақ болған 20-дан аса адам сан соғып қалған

Түркістан облысында Оңтүстік Кореяға жұмыс визасын жасап беремін деген желеумен адамдарды алдады деп айыпталған тұрғынға сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Түркістан облысында алаяқ 2023-2024 жылдар аралығында 23 жәбірленушіні Оңтүстік Корея мемлекетіне еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс визасын жасап беремін деп алдау арқылы 92 020 000 теңге жымқырған.
Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді", — делінген хабарламада.
Айыпталушы 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған, сондай-ақ 23 жәбірленушілердің азаматтық талап қоюлары қанағаттандырылған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
TOP
-
"Бір адамға - екі килограмм": Алматы әкімдігі тұрғындарға аула қоршауын сырлауға арналған бояуды тегін беріп жатыр
14.03 -
«Жабайылық деген осы»: Меруерт Түсіпбаева Түркістан облысындағы мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкерін сынады
14.03 -
-
-
БҰҰ туы астындағы сәтті миссия: Голан жоталарындағы Қазақстан бітімгерлігінің бір жылы (фото, видео)
14.03 -
-
-
"Қараңғыда жұмысқа бармайтын болдық": Риддер қаласында жұмыс уақыты бір сағатқа шегерілді
14.03 -
-
-
-
-
-