• 14-06-2025

Нұрлан Еспановтың шаңырағында той: әншінің ұлы үйленді (фото)

Белгілі әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов үйленді. Тойдан фотолар мен видеоларды әнші желіге жүктеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан Еспановтың шаңырағында дүбірлі той. Күні кеше әншінің блогер ұлыы Олжас Еспанов үйленіп, әулетке келін түсті. Тойдың видеосын әнші желіге жүктеді.

"Ал той құтты болсын! Алланың қалауымен үлкен тойды өткізіп алдық! Барша құттықтап жатқан жандарға рахмет! Осындай той баршаларыңызға жұғысты болсын!", — деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Бұған дейін әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов сүйіктісімен ақ некесін қидырғанын жазған едік.