Қостанай облысында аязда қалған шетелдіктер эвакуацияланды
Қостанай облысының Федоров ауданында түнгі уақытта республикалық маңызы бар Астана – Қостанай – РФ шекарасы автожолы ...
"Қазгидромет" синоптиктері 8, 9 және 10 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтардың мәліметінше, көктем басталғанына қарамастан Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклондары әлі де әсер етіп жатыр. Соның әсерінен солтүстікте қар жауып, боран соғады, оңтүстікте жаңбыр мен жылбысқы қар күтіледі, сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді.
"9 наурыздан бастап батыстан антициклон жылжып, ол Қазақстан аумағына қарай тараған сайын жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. 10 наурызда түнгі уақытта солтүстік өңірлерде ауа температурасы минус 12-20 градусқа дейін суытады", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Синоптиктердің айтуынша, көктемнің алғашқы айы жылы әрі жауын-шашынды болады. Орташа температура климаттық нормадан 2 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Ал жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан көп, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста шамамен қалыпты деңгейде болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қостанай облысының Федоров ауданында түнгі уақытта республикалық маңызы бар Астана – Қостанай – РФ шекарасы автожолы ...
«Арқада қыс болмайды. Қар жоқ. Аяз жоқ» деген едік. Бірақ кейінгі күндері орай да борай қар жауып, аяз қысып ...
Қазақстанға қыстың алғашқы аязы келе жатыр. Ауа райын болжаушылар 9 желтоқсанда еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс ...