
Астанада жолаушылар автобусы жол апатына түсіп, салдарынан 10 адам қалалық стационарларға жеткізілген. Зардап шеккендердің бірі ауыр халде, деп хабарлайды елорда Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Республика даңғылы бойында болған жол апатына қатысты Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы алдын ала дерек ұсынды.
Алдын ала дерек бойынша, 10 адам алған жарақаттарына сай қалалық стационарларға, екеуі Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілген. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр. Қазіргі таңда шұғыл ота жасалып жатыр. Жедел жәрдем бригадалары оқиға орнында жұмыс істеп, көмек көрсетіп жатыр.
Бұған дейін желіде жол апатына түскен жолаушылары автобусының видеосы тарағанын жазған едік. Куәгерлердің айтуынша, автобус бағанаға соғылған. Оқиға орнына медицина қызметкерлері жеткен.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»: Астанада полицейлерге арналған арт-терапия өтті
13.06 -
-
-
-
-
-
-