Өзбекстан суды үнемдеуді күшейтеді
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
«Sport Time» бағдарламасы Ақмола облысына қарасты Щучинск қаласында. Мұнда Жасталап Санауов атындағы спорттық кешен бар. Жуырда ғана қолданысқа берілді. Соны енді бір көру мақсатымыз еді. Сондықтан да арнайы табан тіредік. Жасталап Санауовты енді көпшілік біле бермеуі мүмкін. Бірақ каратэ жанкүйерлері өте жақсы біледі. Бокста Шоқыр Бөлтеков деген бар. Қазақ боксының негізін қалаушы деп жатамыз. Таеквандода Мұстафа Өзтүрік бар. Таеквандоны Қазақстанға әкелуде және қалыптастыруда өзіндік орны бөлек. Дәл солай каретэнің WKND бағытында Жасталап Санауовтың есімі бөлек. 30 жыл бұрын осы тәуелсіздік алған жылдарда қалыптастырды және барын салды десек болады. Соның арқасында қазір қазақстандық спортшылар әлемдік деңгейде өте жоғары орындарды алып жүр. Тіпті жуырда Азияда нөмірі бірінші екенін дәлелдеп, 4 бірдей алтын жеңіп алып, тарихты жаңғыртқан болатын. Дәл солай әлем чемпионаты, Азия ойындары болсын осы каратэшілеріміз биіктен үнемі көрінеді. Жасталап Санауов атындағы спорттық кешенде балалар күні қарсаңында бір турнир өткізіліп жатыр. Соны көрейік деп, спорттық кешенмен танысайық деп, жалпы каратэ әлеміне тереңірек үңілейік дедік. Өйткені өзіндік философиясы бар шығыс жекпе-жегі.
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді. Өңірден Астанаға, Топар а ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...