Биыл рақымшылық жасау заңы аясында 338 адам жазадан босатылды
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотында өңір тұрғынын ана құқығынан айыру мәселесі қаралып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Седьмой канал" арнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, ол азаматтық некедегі күйеуімен бірге 15 жастағы қызын 38 жастағы ер адамға күйеуге берген. Қызға зорлық көрсетті деген күдікпен ер адам қамауға алынды. Ал биологиялық әкесі қызын толық қамқорлығына алғысы келеді. Өйткені анасы оған қысым көрсетуі мүмкін деп алаңдайды.
Оқиға Абай қаласында болған. Некелескеннен кейін бес күн өткен соң қыз әкесіне қашып барған. Ол бірден полицияға арыз жазған. Қыз баланың келешегіне мектеп мұғалімдері де алаңдаулы.
"Қызды күйеуге берген. Бұл туралы қыздың өзі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда мәлімдеді. Бес күн бойы бала үйіне қайтпаған. Анасы полиция органдарына шағымданбаған. Комиссия осы жағдай бойынша сотқа талап арыз беруді ұйғарды", — деді Абай аудандық білім бөлімінің бас маманы Марина Стрельникова.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хаба ...
Алматыда заңсыз салынған екі қабатты ғимарат сүріліп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Қала құр ...