Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Елде лицензиясыз қызмет көрсетіп, медициналық стандарттарды бұзған жеке ем-шара кабинеттерінің қызметі қатаң бақылауға алынды.
Бұл жайында денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Оған Жамбыл облысында екі адамның қазасымен аяқталған медициналық көмек көрсетудегі өрескел заңбұзушылықтар себеп болды. Өңірде жүргізілген тексеріс нәтижесінде олқылыққа жол берген 133 кабинет анықталды. Соның ішінде 14-сіне 2,1 млн теңге айыппұл салынды, 51-і өз еркімен жабылды, 68-інде тексеріс жалғасуда. Бұндай бақылау өзге де өңірлерде жүргізілетін болады. Ал өз кезегінде министрлік азаматтарға тек лицензиясы бар, білікті мамандар жұмыс істейтін медицина ұйымдарына жүгінуге кеңес береді. Үй жағдайында дәрігердің бақылауынсыз ем-шара жасатудан сақ болуға шақырады.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...