Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясының ұсыныстарын қолдады
Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдердің спикерлерімен кездесіп, жиынның маңызына тоқталды. ...
Осыдан тура үш жыл бұрын елімізде жалпыұлттық референдум өтіп, азаматтарымыздың көпшілігі Конституцияны жаңарту туралы бастаманы қолдады. Соның нәтижесінде Ата Заңымыздың үштен бірі өзгерді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграмдағы парақшасында осы бағытта атқарылған жұмыстарға қатысты пікірін білдірді.
«Конституциялық реформа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді жан-жақты жаңғыртуға арналған стратегиялық бағдарын жүзеге асыруға берік институционалдық негіз қалады. Атап айтқанда, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаудың аралас жүйесі енгізілді, әйелдер мен жастарға 30% квота белгіленді, партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Президент өкілеттігінің жеті жылдық бір ғана мерзіммен шектелуі маңызды жаңалықтың бірі болды. Конституциялық Сот құрылып, адам құқықтарын қорғау тәсілдері күшейтілді. Ата заңға жер және оның қойнауы халыққа тиесілі деген норма енгізілді. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы осы ереженің іс жүзіндегі нақты көрінісіне айналды. Оған сәйкес Қазақстандағы барлық баланың есепшотына Ұлттық қор табысынан қаржы аударыла бастады».
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Конституциялық реформа Қазақстанда мүлде жаңа саяси жағдай қалыптастырумен қатар, бүкіл аймағымыз үшін жаңа үрдіске жол ашқанын» атап өтті.
Самал Қабышева
Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдердің спикерлерімен кездесіп, жиынның маңызына тоқталды. ...
Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдердің спикерлерімен кездесті. Мемлекет басшысы Парламент ...
Қазақстан Словакиямен екіжақты және көпжақты серіктестікті тереңдетуге ниетті. Мемлекет басшысы мен словак премьері кеңе ...