• 14-06-2025

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

2025 жылғы 7 маусымда Астана уақытымен таңғы сағат 8:33-те алматылықтар жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ресми Telegram-каналында хабарланғандай, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялык зерттеу институты" серіктестігінің сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 07 маусымда Астана уақытымен 08 сағат 33 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 279 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің сезілу күші — 2 балл.

Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы мәлімет түскен жоқ.

Осы орайда ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі он қарапайым қадамды назарға ұсынды:

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жер сілкінгенде лифтті, баспалдақты қолданбаңыз;
  3. Жиhазға, терезеге жақын тұрмаңыз;
  4. Жасырынатын жерді табыңыз — жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыныңыз;
  5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндік болса, өшіріңіз;
  7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  8. Электр желілерден, ғимараттан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.