Астанада жол үстінде жанжал шығарған екі азамат әкімшілік жауапқа тартылды
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада Тұран даңғылының бойында екі ер адамның жолдың жүргін бөлігінде сөзге ...
Астанада рейд барысында 5 тонна насыбай тәркіленді. Құны 25 млн теңгеге татитын өнім бірден жойылды.
Рейд кезінде Астананың алты ауданындағы 500-ден аса сауда нүктесі тексерілді. Нәтижесінде шегілмейтін темекі қоспалары саудасының 100-ден астам дерегі анықталып, өнімнің 5 тоннасы тәркіленді. Заңсыз сауданы қыздырғандардың үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Нұрислам Батырбек, Байқоңыр ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы:
- Әрқайсысына 25 МРП, яғни 92 мың теңге шамасында айыппұл салынады. Жыл басынан бері ауданымыз бойынша 60 хаттама толтырылды. Бұл рейд «Таза Қазақстан» акциясы бойынша жасалып жатыр.
Мұндай рейдтерге аудандық әкімдіктер мен полициядан бөлек, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері мен еріктілер үнемі қатысады.
Арысланбек Мағзум, қалалық мәслихат депутаты:
- Жалпы ол бізде жүйелік тұрғыда жасалып жатқан жұмыс қой. Сондықтан қандай да бір мерзім жоқ. Ол жалпы жүйелік тұрғыда жиналғанда біз оны осы жерге әкеліп, жастармен бірге арнайы полигондарда жоямыз.
Тәркіленген насыбайды жоюға өндірістік база аумағының таңдалып алынғаны бекер емес. Мұнда медициналық қалдықтарды утильдеуге арналған қондырғылар бар. «Осындай жабдықтарды қолдана отырып, шегілмейтін темекі қоспаларын жою экологияға зиянын келтірмейді», – дейді ұйымдастырушылар. Оның үстіне бұл процесті арнайы құрылған комиссия жіті бақылап отырады.
Авторы: Бақыт Топтаева
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада Тұран даңғылының бойында екі ер адамның жолдың жүргін бөлігінде сөзге ...
Шымкентте қала күніне орай Otbasy Fest фестивалі өтті. «Отбасы банк» пен ірі құрылыс компаниялары бірлесіп, тұрғын ...
Қостанай облысында стратегиялық маңызы зор «Орталық-Батыс» автожол дәлізінің құрылысы басталды, деп хабарлайды 24K ...