Таразда есірткі зертханасы жойылды
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Мамыр айында прокуратураның келісімімен ҰҚК қызметкерлері Таразда синте ...
Елімізде нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы кешенді жұмыс атқарылып жатыр. Биылдың өзінде 83 есірткі зертханасы жойылып, айналымнан алынған есірткі заттарының көлемі 84 пайызға ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстанда есірткі өндіргені үшін берілетін жаза қатаңдатылды. Тіпті, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ бұл саладағы жұмыс әлі де толығымен біткен жоқ, түйткілдер жеткілікті, шешілмеген мәселелер еліміздің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына сын-қатер төндіруде. Бүкіл қоғамды алаңдатып отырған ең қауіпті үрдіс: жастар нашақорлыққа үйір бола бастады. Бұл – үлкен қатер, оны жасырмауымыз керек», деді Президент құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда кірісті жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің халықаралық озық стандарттарға сай тиімді жүйесі қалыптасты. 2019 жылдан бері ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономиканың үлесі 23 пайыздан 16 пайызға дейін төмендеді. Бірақ әлі жоғары деңгей сақталып отыр. Мемлекет жауапкершілігі мол әрі адал кәсіпкерлерді қорғап, қолдау білдіреді.
«Менің арнайы тапсырмам бойынша Бас прокуратура жалпы сомасы 34 триллион теңге болатын шетелдіктердің қатысы бар жүздеген инфрақұрылымдық жобаға құқықтық тұрғыдан көмек көрсетіп келеді. Алайда отандық бизнесті негізсіз қылмыстық қудалау мәселесі толық шешімін тапқан жоқ. Бас прокуратура бұл жұмысты жалғастырғаны жөн», деді ел Президенті.
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Мамыр айында прокуратураның келісімімен ҰҚК қызметкерлері Таразда синте ...
Биыл есірткіні жарнамалауға қатысты тіркелген істер бойынша 436 есепшоттағы 64 млн теңге бұғатталды. Биыл 5 ...
Бүгінгі бағдарламада: Түркістан облысында тыйым салынған экстремистік материал таратқан шетел азаматы ...