• 14-03-2025

Алматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттап, ақшалай сыйақы берді (фото)

Алматы әкімі мемлекет басшысының тапсырмасыменәуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматы әкімі Ерболат Досаев мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Әбдірайым Мұса Сайранбайұлын "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады.

Сондай-ақ Мұса Әбдірайымға ақшалай сыйақы табысталды.

Мұсаға марапат табыстау сәті
Мұсаға марапат табыстау сәті. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

52 жастағы азамат жолаушы ретінде Алматы халықаралық әуежайының ұшуға дейінгі тексеру аймағына кірген қылмыскердің қолындағы пышағын тартып алды. Батылдық пен шапшаңдықтың арқасында ол әуежай қызметкерінің өмірін сақтап қалды", — делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Мұсаға табысталған марапат
Мұсаға табысталған марапат. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына орасан зор көңіл бөліп, құрмет көрсеткені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Біздің елде әрқашан бейбіт аспан, келісім мен өркендеу болсын!", - дейді марапатталған Мұса Әбдірайым.