• 21-11-2025

«Заң мен тәртіп» қағидаты тиімділігін көрсетті

Елімізде «Заң мен тәртіп» қағидаты енгізілгелі қоғамда тәртіп пен құқықтық сана деңгейі өсті.

Жезқазған тұрғындары осындай пікірде. Әсіресе заңға қайшы кез келген әрекетке қарсылық білдіріп, құзырлы органдарға хабарлайтын адамдардың қатары артқан. Полицейлер әлеуметтік желідегі «Көршілер бақылауы» бағдарламасы арқылы күнделікті ондаған құқық бұзушылықтың жолын кесіп жатыр. Қоқысты бей-берекет шашпау, жалпыға ортақ мүлікті сындырмау қажеттігін түсіндіру жұмыстары да жемісін бере бастады.

БЛИЦ

- Егер де заң бұзушылықтарды көргенде оған жайбарақат қарап, көз жұмып өтіп кетпей, керісінше тиісті органдарға хабарласып азаматтық танытатындар көбейе түсті.

- Бұл заңды қатаңдату өз басым қолдаймын. Өте дұрыс. Орынды. Мүмкін штраф салынса бір-екеуіне одан кейін тоқтатады ма екен. Заң алдында бәріміз бірдейміз деген ұстанымды ұстанып заң аясында жұмыс істесек жақсы болар еді.

- Түсіндіру жұмыстары өте пайдалы. Осының арқасында адамдар қоғамдық жұмысқа деген жауапкершілік артады. Оны бүлдірмей ұқыпты ұстау керек. Өтйкені оны қаншама қаражатпен салынады. Оны бүдіру заңға қайшы.

- Бір адам бұзақылық жасап жатса оны полиция қызметкерлеріне айтып, бұзақылық жасаған адамдармен жұмыс істесе мен ойлаймын, оған сабақ болады. келесі жолы ондай бұзақылық жасамайды.

- Қазір барлық жерде бұрынғыға қарағанда таза. Өйткені бұрын мусорды қалаған жерге тастап, адамдар түкіріп жүре беретін. Қазір тазалық сақтап жүр бәрі.