ЕО көшбасшылары мен Зеленский Трамппен кездесуінің алдында сөйлесті
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Шығыста «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша былтыр 5 мектеп толық жасақталып, ел игілігіне берілді. Қазір тағы екеуі салынып жатыр. Өскемендегі 600 орындық білім ошағының құрылысын Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров барып көрді. Былтыр басталған құрылыстың негізгі бөлігі аяқталған. Енді ішін әрлеп, құрал жабдықтарын қою қалған. Бұл «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасына енген өңірдегі ірі әлеуметтік жобалардың бірі. Сондықтан депутаттар мердігер мекеме жетекшілеріне партиялық қадағалаудың қатаң болатынын ескертті.
Ерлан Саиров, Мәжіліс депутаты:
Құрылыс жүріп жатыр. Бірақ дегенмен де осы құрылыстың жылдамдығына деген белгілі бір сұрақтар бар. Енді біз тамыз айында келіп, бұл нысанды тағы бір тексеріп кететін боламыз. Ең негізгісі, қазір мемлекет ақшаны уақытында бөліп жатыр. Сондықтан құрылыс сапалы және уақытында болуы керек.
Олжас Керейхан
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Алматыда мегаполистің 2040 жылға дейінгі дамуын айқындайтын негізгі қала құрылысының құжаты — қаланың Бас жоспарын түз ...
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Алматы қаласында әлеу ...