Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Жасөспірім қолы бос уақытта ата-анасына көмектесіп, базарда сатушы болып істейді.
Алматы қаласындағы базарда шетелден келген блогерге қазақша үйреткен Нұржолға екі университеттің гранты табысталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Көк базарда бір орнымыз бар. Ата-анама қолғабыс болу үшін сол жерде магнит, сувенирлер сатамын", – деді жасөспірім.
Нұржолдың айтуынша, шет тілін базарға келетін туристерден үйренген.
Қызық Times бағдарламасында Нұржолға Қазақ-Америка университеті атынан төрт жылға тегін оқуға грант табысталды.
"Бұл гранттан бөлек швейцариялық университеттің төрт жылдық гранты да беріледі", – деді Қазақ-Америка университетінің басқарушы серіктесі Абылай Алатаев.
"Рақмет. Бұл қазақ халқының қолдауымен болып жатқан нәрсе. Баршаңызға Алла разы болсын! Баршаңыздың үйінде осындай қуанышты күндер көп болсын!", – деді Нұржолдың әкесі.
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...
Жаңа интеллектуалды локация «Қолжетімді кітапханалар» бағдарламасы аясында орындалды. Жоба білім беру ортасын цифрлы ...