Қаскелеңде кісі зорлады деген күдікті сот аумағынан қашып кеткен
Алматы облысының полициясы Қаскелеңдегі сот аумағынан адам зорлады деген айыппен қамауға алынған адам қ ...
Ішкі істер министрлігі Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, оқиғаның мән-жайын тексеру үшін жедел тергеу тобы құрылған. Зардап шеккендер жоқ.
Сот шешімімен күдіктіге екі айда қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың тапсырмасымен елдегі әуежайлар мен вокзалдардағы қауіпсіздік жүйесі тексеріліп жатыр.
Негізгі назарда:
ІІМ жағдай толық бақылауда екенін, болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін барлық қажет шара қабылданатынын мәлімдеді.
7 наурызда Алматы әуежайында қолында суық қаруы бар ер адам қызметкерді кепілге алды. Желіде әуежайда түсірілген видео тарады. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адам қыздың шашынан ұстап алғанын байқауға болады. Оқиға ішкі терминалда болған.
Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкерлер одан құжатын сұраған кезде ол қызметкерді пышақпен қорқытқан. 7 минуттан кейін шабуылдаушы ұсталды. Ол қамауға алынды.
Артынша Президент Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты батыл азаматты марапаттауды тапсырды.
Әуежайда кепілге алынған адамды құтқарған Мұса Әбдірайым "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Алматы облысының полициясы Қаскелеңдегі сот аумағынан адам зорлады деген айыппен қамауға алынған адам қ ...
Текеліде бояудың иісіне уланып қалған ер адам құтқарылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 31 нау ...
Бір адам оқиға орнында қаза болды. Қарағандыда жеңіл көлік тротуарға шығып кетіп, екі адамды қақты, деп ...