ШҚО-да атом саласына қажетті мамандар даярланады
Шығыс Қазақстанда атом электр станциясына қажетті мамандар даярланады, деп хабарлайды 24KZ. Өңірдегі жоғары оқу ор ...
Петропавлда жаңа асфальт кепілдік мерзімі өтпей жатып жарылып кетті , деп хабарлайды 24kz.
Солнечный ықшам ауданында көшелер ойылып, автобус жүре алмай қалды. Бүлінген жолдар қашан ретке келтіріледі? Сапасыз жұмысқа кім жауап береді?
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Солнечный ықшам ауданында 2023 жылы бірнеше көше асфальтталып, тұрғындар бір жасап қалған еді. Бірақ қуаныш ұзаққа созылмады. Жолдар жарылып, бұрынғы қалпына келді.
Сайран Әбдірахманов, қала тұрғыны:
- Дұрыс салмаған ба? Сапасы өте төмен. Міне, жүруге мүлдем болмайды. Жол жүру мүмкін емес. Бәрі ойық-ойық. Міне, үлкен-үлкен автобустар, Камаздар жүреді. Басып тастайды бәрін, жылда осылай қиналамыз.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:
- Осыдан екі жыл бұрын ғана салынған жаңа асфальт қырық жамау жолға айналды. «Соның салдарынан автобустар да жүруін қойған», — дейді тұрғындар. Енді олар жақын маңдағы 800 метр жердегі аялдамаға жаяу жетуге мәжбүр.
Автобустар көктемнен бастап жүрмейді. Қазір тұрғындар күрежол бойындағы аялдамаға аяңдап барады. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің айтуынша, ішкі бағыттың тоқтауына жолдың жағдайы себеп.
Серік Сұлтанов, автобус жүргізушісі:
- Жұқа асфальт ойылып қалды. Жүру мүмкін емес. Сондықтан қатынауды қойдық.
Екі жыл бұрын ықшам ауданда алты негізгі көше асфальтталды. Бұл мақсатқа 200 млн теңге бөлінді. Қазір кепілдік шарты орындалмай, қалалық әкімдік мердігер ұйымды сотқа берді.
Әсем Айтолова, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі жаңағы мердігер компанияның атына бірнеше рет хат жазған болатын. Бірақ ешқандай жауап жоқ. Қазіргі таңда әкімдік сотқа жүгінді. Сот бойынша мердігер компания жұмыстарды жасауға негіздейтін болады.
Тараптар соттасып болғанша тұрғындарға шыдай тұруға тура келеді. Соңғы шешім шықпай автобустар да жүрмейді. Жалпы биыл Петропавлдың жолдарын жөндеуге 2 млрд-қа жуық теңге бөлінді.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков