Конституция күні: Көкшетаулық 100 отбасы баспаналы болды
Ата заң мерекесі қарсаңында көкшетаулық 100 отбасы баспаналы болды. Қоныс тойын апатты үйде тұрып келген шаһар тұ ...
Қорғас халықаралық шекарамаңы ынтымақтастық орталығында Орталық Азия тауарларының көрмесі өтті. Орталық Азияның Экспосы саналатын бұл сауда-саттық және іскерлік байланыс орнату алаңына Қытай мен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекетінен кәсіпкерлер бас қосып, өз тауарларын ұсынды. Меморандумдарға қол қойып, барыс-келіс, алыс-беріс мәселелерін талқылады. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиясынан келген Соя Цейка бұл көрмеге қазақы үйдің заманауи үлгісін алып келген. Қарағайдан өрілген 6 қанатты шаңырақ барлық қажетті жиһаз және тұрмысқа қажет заттармен жабдықталған. Ұлты моңғол болса да, қазақ тілінде еркін сөйлейтін кәсіпкер өз елінде қазақ, қырғыз, моңғолдың дәстүрлі киіз үйін құрастырып жүр. Сұранысқа қарай, ауданы 28 шаршы метрден, 400 шаршы метрге дейін, тіпті екі қабатты қазақы үйлерді құрастырады.
Соя Цейка — Кәсіпкер:
Көрмеге келу себебіміз — ұлттардың мәдениетін, оның үстіне екі жағынан екі елдің, екі мемлекеттің мәдениетін бір-біріне жалғау үшін, баяғыдағы, тарихтағы, көне бұрыңғы заманымыздың киіз үйімізді дүниежүзіне таныту үшін, ұлттар мәдениетін бүкіл дүние жүзіне тарату үшін киіз үйді алып келдік.
Дамир Нұрмұхамет
Ата заң мерекесі қарсаңында көкшетаулық 100 отбасы баспаналы болды. Қоныс тойын апатты үйде тұрып келген шаһар тұ ...
Қазір санаулы сәттен соң, Монакода УЕФА Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өтеді. Алматылық «Қайрат» өз тар ...
Несиенің қай түріне сұраныс артты? Қазақстанда шілде айында бөлшек кредит беру көлемі 1,6 трлн теңгеге жетті. Кепілсіз т ...