Ақмола облысында қазақтың тазы тұқымын сақтау, дамыту және насихаттауға бағытталған жарыс өтті
Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» повесі өлмейді. Өлмейтін шығарма ! Айтпағымыз — Лашынның «рухы тірілді». Енді ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Алматы әуежайында кепілге алынған әйел баласын құтқарған Мұса Әбдірайымға Алматы әкімі Ерболат Досаев «Ерлігі үшін» медалін табыстады. Оқиға болған күні-ақ – наурыздың жетісінде Президент жарлығы шықан.
Сол күні Алматы әуежайында пышақ ұстаған ер адам жолаушыларды тексеру қызметкерін кепілге алған. Полиция оқиға орнын қоршап тұрғанымен жақындамаған. Ақыры не керек, айғай шыққан жерге жүгіріп барған Мұса Әбдірайым кепілге өзін алмастыруды ұсынады. Қаскөйді аңдып тұрып, сәл босаңсыды дегенде оның қолынан пышақты тартып алған.
Ұсталған 67 жастағы Қазақстан азаматы. Не үшін бұлай істегені белгісіз. Полиция оның үстінен 3 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 2 айға қамалды. Ал пышақпен әуежайға қалай кірген? Бұл қалай?- деп тиісті органдарға қарайсың.
Айтпақшы әлгі былтыр күзде автобуста бір әйелді ұрып жіберіп, желтоқсан айында бір жылға бостандығы шектелген екен.
Мұса Әбдірайымның мұндай жанқиярлыққа баруы көпті сүйсінтті. «Міне, нағыз Азамат!» деген сөзді аса бір ықыласпен айтатын сәт.
Мұхтар Мағауиннің «Тазының өлімі» повесі өлмейді. Өлмейтін шығарма ! Айтпағымыз — Лашынның «рухы тірілді». Енді ...
Ауылдарда адам қалмай бара жатқаны бөлек бір мәселе , жаппай қалаға көшу процесі енді тоқтамайды – бұл да үлкен мә ...
Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысының қылығы. Емтиханға смартфон алып кіргенімен қоймай, ...