Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Жамбыл облысында жергілікті ғалымдар жапондық зерттеушілермен бірге археологиялық қазба жұмыстарын бастады, деп хабарлайды 24KZ. Олар Талас ауданынан табылған біздің заманымыздан 16 мың жыл бұрынғы «Бүйрек бастау» тұрағының топырақ қабатын зерттеп жатыр. Археологтар тарихи орыннан тас құралдары мен от шұңқырлардың қалдықтарын тапты.
Тарих ғылымдарының докторы Жәкен Таймағамбетов жарты ғасырға жуық тас дәуірін зерттеп келеді. Ол осы уақытқа дейін аймақтағы қазба жұмыстарына бірнеше рет қатысқан. Жалпы қазақ-жапон ғылымдары Бүйрек бастау-Бұлақ тұрағын 8 жыл бұрын ашқан. Бірақ пандемияға байланысты зерттеу жұмысы тоқтаған болатын. Қазір қазба жұмысы қайта жанданды.
Жәкен Таймағамбетов, ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы:
- Биылғы осы 6 күннің ішінде 10 шаршы метр қазылып, 2 метр 10 см тереңдіктен тағы да бір ошақ табылды. Сол ошақтың маңайынан тас құралдар табылып жатыр. Өйткені ол жерде зертхана болған, бұрын сол ошақтың маңайында отырып, адамдар тас өңдеген деп ойлаймыз.
Ғалымдар Қазақстанда қалыптасқан алғашқы адамдардың ата қонысын зерттеу арқылы жапон тас дәуірінің де нақты жасын анықтауды көздейді. Осылайша екі елдің көне заманға тән көшпенді байланысын көрсеткісі келеді.
Садакацу Кунитаке, Нара ұлттық ғылыми-зерттеу институтының профессоры:
- Көптеген тас қару біз үшін өте қызықты. Біз осыдан 16 жыл бұрын пайда болған өнеркәсіптің тас қаруын таптық. Жалпы Қазақстанның оңтүстігінде өмір сүрген алғашқы қауым адамдары Корея түбегі арқылы жапон аралдарына қоныстанған. Яғни біздің арғы-арғы аталарымыз Еуроазиядан келгенін ертедегі ескерткіштеріміздің ұқсастығы айғақтайды.
Ал табылған заттардың нақты жасы Жапонияда анықталмақ. Нақты нәтижесі қараша айында белгілі болады. Енді қазақстандық археологтар Жамбыл облысының Ақтоғай үңгірінде қазба жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Авторлары: Абзал Азаматұлы, Анастасия Сулейманова, Эльдар Байділда