• 21-11-2025

Трамп Путинге 50 күн уақыт берді

Дональд Трамп Украинадағы соғысты тоқтату бойынша Владимир Путинге 50 күн уақыт берді. Бұл жайлы АҚШ президенті НАТО ұйымының бас хатшысы Марк Рюттені Ақ үйде қабылдау кезінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, егер Ресей басшысы екінші қыркүйекке дейін бітімге келмесе, Вашингтон Мәскеуге екінші деңгейлі тарифтерді енгізеді. Яғни Ресей өнімдерін импорттап, саудаға шығаратын елдерге баж салығы ұлғаяды. АҚШ-тың сауда министрді Говард Лутник мұны Венесуэлаға салынған экономикалық санцкияларға ұқсатып, Ресейден мұнай алып отырған елдерге ескерту жасады. Сондай-ақ Трамп Украинаға көптен күткен «Пэтриот» сынды заманауи қорғаныс құралдарын да жіберетінін айтты. Осы арқылы Вашингтон келісімге келмей отырған Мәскеуге ескерту жасады.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Қазір баяғы жартас, сол жартас күйінде. Біз Кремльмен сөйлесеміз, бәрі жақсы сияқты көрінеді. Артынша Киевке зымырандар түсіп, бейбіт тұрғындар қаза табады. Бұл тоқтауы керек. Бүгін АҚШ-тан сатып алынатын әскери техникаға қатысты келісімге келдік. Ол НАТО арқылы немесе өзге жолдармен тез арада майдан шебіне жеткізіледі.

Марк Рютте, НАТО бас хатшысы:

- Біз Украинаға нақты не қажет екенін анықтап, соған сай әскери көмек пакеттерін дайындаймыз. Украинаға әуе қорғанысы, зымыран, оқ-дәрі секілді техниканың мол көлемі жеткізіледі. Егер мен Ресей президентінің орнында болсам, осындай мәлімдемелерден кейін Украина бойынша келіссөздерге немқұрайлы қарауды доғарар едім. Ал Украина үшін бұл тамаша жаңалық.