Атырауда «Таза Қазақстан» аясында 2600 ағаш егілді
Атырауда «Таза Қазақстан » экологиялық бағдарламасы аясында 2600 ағаш егілді. Қазір қаланы абаттандыру жұм ...
Атырауда электр желілерінің 25% тозған. Биыл тарифтен түскен және ел қазынасынан бөлінген қаражат көмегімен қосалқы стансалар жөнделіп, бағандар жаңартылады. Жалпы ұзындығы 66 шақырым желі жөнделеді.
Атыраудағы электр желілері 20 жыл бұрын тартылғанымен әбден ескірген. Жел тұрса, не қыста мұздақ қатса, жарық өшіп, тұрғындарды әбігерге салады. Күні кеше Нұрсая шағын ауданында жарты күн бойы электр қуаты болған жоқ. Шіліңгір шілдеде жарықсыз отыру мүмкін емес, — дейді тұрғындар. Себебі әр үйде салқындатқыш міндетті түрде қосылады. Ал тозған желілер оны көтере алмайды.
"Жарықтың жиі сөнуіне тозған электр желілері себеп", — дейді мамандар. Бұған дейін қалада 32 шақырым желі ауыстырылды. Биыл тағы 66 шақырымын жаңарту үшін мердігер анықталған. Қазір келісімшарт жасалып, жөндеу жұмыстары бастаы.
Әлфия Нұрмағамбетова, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор бас маманы:
- Бөлім теңгеріміндегі және әуе желілерін күтіп ұстау және электр желісінің үздіксіз берілуін қамтамасыз ету мақсатында жалпы саны қазіргі уақытта қала және елдімекендер бойынша 30 дана трансформатор орнатылған болатын. Бұған қоса қала аумағында қамтылмай қалған шағын аудандардағы электр желілерін жаңарту мақсатында қашықтығы 66 км құрайтын электр желілерін заманауи кабельге ауыстыру жоспарланып отыр.
Электр желілері жыл соңына дейін жаңартылады деп жоспарланған. Бұған қала бюджетінен 5 жарым млрд-қа жуық теңге бөлінген.
Авторлары: Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин
Атырауда «Таза Қазақстан » экологиялық бағдарламасы аясында 2600 ағаш егілді. Қазір қаланы абаттандыру жұм ...
"Сарыөзек – Көктал" тас жолы Қойбын шатқалындағы Көмбе өзені арқылы өтеді. Жетісу облысында жалпы ұзындығы 1 ...
10 қазанда Атырауда Орталық Азияның үздік киберспортшыларын біріктірген Атырау облысы әкімінің кубогы – At ...