2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Туризм және спорт министрлігі БАҚ-та тарап жатқан, "балаларға спортпен айналысуға тыйым салынғаны " туралы ақпаратқа пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрлік мәліметінше, бүгінде елімізде 4 пен 17 жас аралығындағы 5,1 миллионнан аса бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады.
"Спорттық жарыстарда белгілі бір деңгейде физикалық және эмоциялық жүктеме түседі. Осыған орай министрлік жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шегін белгіледі. Бұл ең алдымен балалардың денсаулығын қорғауға және ерте жаста жарақат алу қаупін азайтуға бағытталған", — деп жазылған хабарламада.
Ведомство жас шектеулері спорт федерацияларының ұсынысы негізінде әзірленіп, Денсаулық сақтау министрлігімен келісілгенін және халықаралық стандарттарға сай келетінін жеткізді.
"Бұл талаптар тек жарыстарға қатысуға қатысты. Ал балаларды спорт мектептеріне, үйірмелерге және спорт резервін даярлайтын өзге де мекемелерге қабылдауға ешқандай шектеу қойылмайды. Осылайша "спортпен айналысуға тыйым салынды" деген хабарламалар шындыққа жанаспайды. Бұл жерде тек жарыстарға қатысуға қойылатын жас талаптары туралы айтылып отыр", — деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...