Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Мемлекет басшысы мен БҰҰ Бас хатшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының Алматы қаласындағы өңірлік орталығына барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығын құру бойынша келісімге қол қою рәсіміне қатысты. Бұл Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастықтың маңызды кезеңі. Президент бүгінгі іс-шараның елеулі сипатқа ие екенін атап өтті. "Қазақстан үшін БҰҰ халықаралық тәртіптің баламасыз әрі басты тірегі болып қала береді. Еліміз Ұйымға кірген сәттен бастап, 33 жыл бойы халықаралық қоғамдастықтың жауапты, белсенді әрі бейбітсүйгіш мүшесі екенін жан-жақты танытып келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ал Ауғанстанның бейбіт өмірі мен орнықты дамуы аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Мемлекет басшысы осындай қилы кезеңде жоғары дипломатия мен көшбасшылық үлгісін көрсеткен Антониу Гутерришке алғыс айтты. Еліміз Ұйым Бас хатшысының бастамаларына алдағы уақытта да қолдау білдіретінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетуге, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға, сауда-саттықты жандандыруға және азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты бастамалар арқылы ауған халқына қолдау көрсетуді жалғастырады. Екі ел арасындағы сауда көлемі ұдайы өсіп келеді. Біз Ауғанстанның бейбіт тіршілігі мен дамуы қатар жүруі керек деп санаймыз. Адамның қадір-қасиеті мен халықаралық құқық бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды қамтамасыз етуге күш жұмылдырмайынша тұрақтылыққа қол жеткізу мүмкін емес.
Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:
- Бұл ортақ басымдықтар мен бірлескен шешімдерге негізделген Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың жаңа дәуірін білдіреді. Аталған Орталық аймақ көшбасшылары арасындағы берік байланыстардың жан-жақты экономикалық интеграцияға қалай ұласатынын көрсететіндей әлеуетке ие. Мен Президент Тоқаевтың сарабдал саясаты мен көшбасшылығын жоғары бағалаймын. Оның бастамалары әлемдік тәртіпте ролі артып келе жатқан Орталық Азияның жаңа келбетін қалыптастыруға ықпал етуде.