Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
Түркістан облысында балаларға арналған оңалту орталығы салынып жатыр. Өңірде 100 мыңға жуық мүгедек адам бар. Оның 15 пайызы балалар. Оларды емдейтін арнайы мекемелер тапшы. Үш жыл бұрын облыстық Мәслихат депутаттары әлеуметтік қызмет көрсететін оңалту орталығының қажет екенін айтып, мәселе көтерді. Бұл жоба «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілді. Нәтижесінде облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, Сауран ауданы Ораңғай ауылында психоневрологиялық ауруға шалдыққан балаларға арналған 50 орындық оңалту орталығының құрылысы басталды. Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев оңалту орталығына барып, жұмыс барысымен танысты. Жоба құны 3,2 млрд теңге. Орталық қыркүйекте пайдалануға беріледі.
Ерлан Әбдиев, Мәжіліс депутаты:
Бізде көп мектептердің ғимараты ескі болғандықтан, оларда лифті де болмауы мүмкін. Мектептің өзі бейімделмеген, мысалы, пандусы болсын, парталары болсын. Сондықтан да осындай мектептер, орталықтар өте қажет. Мен жұмысымен таныстым. Парталары да, қоршаған ортаға толық бейімделген. Оңалту шараларын өткізетін құрылғылары өте жаңа. Осындай орталықтардың болуының өзі де біздің партияның алға қойған мақсаты.
Ардақ Мұратқызы
2025 жылы 13 202 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикағ ...
Президент білім және ғылымды ешқандай шекара талғамайтын , барлық елге ортақ стратегиялық маңызы айрықша са ...
Мемлекет басшысы "Қазақстан – академиялық білім аймағы" стратегиялық серіктестер форумында сөз сөйледі. Прези ...