• 14-03-2025

Жыл басталғалы 7,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалған

1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 19 кәсіпорны 1,2 мыңнан астам жұмыскерге 328,9 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 579 ұйғарым беріліп, 69,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынған, 900 жұмыскердің құқықтары қорғалып, оларға 135,8 млн теңге төленіп берілген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 1 наурыздағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 896 тексеру жүргізіп, оның барысында 995 бұзушылық анықталған, оның ішінде: еңбек саласында – 904; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 85; халықты жұмыспен қамту бойынша – 6.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6,3 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалған.