• 29-04-2026

Қайтарылған активтер: 2,2 млрд теңге қайда жұмсалады?

Қызылорда облысындағы ауылдарды сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,2 млрд теңге бөлінді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылорда облысында алты сумен жабдықтау нысанын салу үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді.

"Бұл жобалар Арал және Қазалы аудандарындағы 2 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдарды қамтиды, Тастүбек, Ерімбетжаға, Шәкен, Шилі, Шитүбек және Сарбұлақ ауылдарын сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", — деп жазылған хабарламада.

Нысандарды 2025 жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарланған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget