Қарағандыда 6 мың жер үй газға қосылды
Қарағандыда жаппай газ тарту жұмыстары жүріп жатыр. Қалада бесінші газ бөлу кешені пайдалануға берілді. Соның арқа ...
Ақтауда жүргізушілер газ құю үшін тағы да сағаттап кезекте тұрғанына шағымданды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Жүргізушілердің бірі видеоны бөліскен. Онда ол 11 қазанда шамамен 07:50-де бір жанармай құю бекетіне келгенін айтты, ал бекет әлі ашылмаған, бірақ кезекте бес көлік тұрған. Бір жарым сағаттан кейін шамамен 30 көлік жиналғанын жеткізді.
"Бұл жолы шенеуніктер қандай сылтау айтпақ? Қазір турист те көп емес, бүкіл газымызды тауысып жіберетіндей, маусым да бітті ғой", — деді ер адам.
Мәселеге Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, өңір — елдегі сұйытылған мұнай газын ең көп тұтынатын аймақтардың бірі. Ай сайынғы тұтыну көлемі — 18 000 тонна.
СНГ өнімінің негізгі бөлігі облысқа Маңғыстау облысында орналасқан Қазақстан газ өңдеу зауытынан жеткізіледі, жетіспейтін көлем Атыраудағы зауыттан бөлінеді.
Биыл қазанда Атырау зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты қажет 3 658 тонна көлем Ақтөбедегі зауыттан жеткізілетін болды.
"Бұған дейін Атырау зауытының өнімі автокөлікпен жеткізілсе, Ақтөбе зауытынан жөнелту теміржол арқылы жүзеге асады. Осыған байланысты өнімнің өңірге жеткізу мерзімі сәл ұзарды", — деп түсіндірді басқарма.
Сол себепті қазанда сұйытылған газдың тәуліктік жеткізу көлемі төмендеп, бірқатар АГЗС-те көлік кезегі байқалып отыр.
Басқарма дерегінше, Ақтөбе облысындағы зауыттан 11 вагон 10 қазанда жолға шыққан. Келесі 10 вагоннан тұратын құрам 13 қазан кешке жөнелтіледі. Одан арғы жеткізілімдер де осындай тәртіппен жалғасады.
Сондай-ақ Атырау зауытындағы жөндеу жұмыстары қазанның аяғында аяқталады. 1 қарашадан бастап сұйытылған мұнай газының жеткізілуі бұрынғы қалыпқа қайтады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Қарағандыда жаппай газ тарту жұмыстары жүріп жатыр. Қалада бесінші газ бөлу кешені пайдалануға берілді. Соның арқа ...
Маңғыстау облысында өнеркәсіптік қалдықтарды зерттеу жұмыстары басталды . Оған 20 млн теңгеден астам қаражат ...
Бүгін Ақтау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылысы тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға қаладағы көп ...