Қасым-Жомарт Тоқаев жол апаттарының көбейгеніне алаңдаушылық білдірді
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
Парламенттік жүйе қауіпсіздік пен тәртіп, тұрақтылық пен даму тұрғысынан міндетін толық атқара алмай отыр. Сондықтан Қазақстан күшті президенттік билікке арқа сүйеген мемлекет болып қалуы тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында осылай деді. Өйткені қазіргідей алмағайып заманда елдің сенімді келешегіне кепіл болады. «Осы ретте кей сарапшы мен саясаткерсымақтардың ұшқары тұжырымдарына көзсіз еріп, мемлекеттілігімізге қатер төндіруге еш хақымыз жоқ» , — деді Президент. Алайда Конституцияға енетін өзгертулер тек Парламент емес, Президент, Үкімет туралы бөлімдерді және саяси жүйенің басқа да қырларын қамтиды. Мемлекет басшысы мақсаттың айқын екенін айтты. Бұл – баршаға тең мүмкіндік ұсынатын өркендеу жолындағы Әділетті Қазақстанның іргесін қалау.
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралай ...
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі өтті. Ордалы отыр ...