Өзбекстан суды үнемдеуді күшейтеді
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Вашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке екі күн қалды. Ордалы отырысқа дайындық қызу.
Талқыланатын тақырыптардың алғашқы тармағы да айтыла бастады. Президенттер саясаттан бастап экономиканың әр саласына зер салмақ. Алыстан ат терлетіп баратын аймақ өкілдері АҚШ инвестициясын тартуға басымдық береді. Алқалы жиынға Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары қатысады. Басқосуда энергетика, сирек металдар мен минералдар мәселесі көтерілуі мүмкін. Әлбетте тың технология, цифрландырумен қоса көлік және логистика салаларында да серіктестікті нығайту да көзделген. С5+1 саммиті – саяси ұйым немесе экономикалық одақ емес. Президенттердің пікір алаңы. Мемлекеттер өз мүддесін, өңір мәселесін көтеріп, мәміле орнататын мәжіліс. Нақты АҚШ-пен 2-ші рет өткелі тұр. Алғаш 2 жыл бұрын Нью-Йоркке жиылған болатын. Ол кезде Орталық Азия басшылары Джо Байденмен бас қосты. Бұл жолы тараптар Вашингтонда Дональд Трамппен кездеседі.
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді. Өңірден Астанаға, Топар а ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...