Бауырлас елдер бизнесте бізден де "пысық" болып шықты
Ресейден және Қазақстаннан релоканттардың ағылуы Бішкектегі баспана бағасын ғарышқа "ұшырып" жіберді. Орталық Азия, ...
Қырғызстанда қызбен сүйіскен жігіт тілінен айрылды. Қыздың айтуынша, жігіт оны зорламақ болған , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі kaktus.media-ға сілтеме жасап.
Қыздың сөзінше, кешке ол құрбысы және таныс жігітпен тойдан қайтып келе жатқан. Құрбысы көліктен түскен кезде, өзі де шығуға тырысқан, алайда жігіт шығармаған.
Әуелі екеуі әңгіме айтып отырған, кейін жігіт сес көрсетіп, "зорлайтынын" айта бастаған, көліктен шығармай, тиісе берген.
"Ол мені зорлайтынын айтты. Мен айқайладым, оны итердім, бірақ ол тоқтамады. Ол мені сүймек болған кезде, қатты ашудан оны тістеп алдым. Тілі жұлынып кетеді деп мүлде ойламадым", – деді ол.
Қыздың айтуынша, екеуі қарым-қатынаста болмаған.
"Біз жай ғана таныс болдық. Қазір мен туралы айтылып жатқан әңгімелерге байланысты қалада дұрыс жүре алмаймын. Мен Жалал-Абадта (Манас қаласы) оқимын. Кінәлі емеспін", – деді ол.
Еске салайық, 8 қарашада Манас ауруханасына тілі мен ерні жарақаттанған 26 жастағы жігіт жеткізілген. Ол дәрігерлерге бұл жарақаттарды "сүйісіп жатқанда алғанын" айтқан.
Кейін жігіт арыз түсіруден бас тартқаны белгілі болды. Милицияда тараптардың бір-біріне ешқандай талабы жоқ екені, алайда бұл дерек бойынша тексеру жалғасып жатқаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ресейден және Қазақстаннан релоканттардың ағылуы Бішкектегі баспана бағасын ғарышқа "ұшырып" жіберді. Орталық Азия, ...
Алатаудың арғы баурайындағы ағайын елде абыр-сабырлы сайлау аяқталды. Қырғызстанда парламенттік сайлау алғаш ре ...
Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы «Қордай» ветеринарлық бақылау бекетінде Ветеринарлық бақылау және қадағалау к ...