
Тбилиси соты Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді 9 жыл түрме жазасына кесті . Оған “ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды” деген айып тағылған. Бұл Саакашвилиге қарсы қозғалған қылмыстық істердің бірі ғана. Бұл жөнінде Mtavari телеарнасы хабарлады.
Саакашвили 2021 жылдың 1 қазанынан бері түрмеде отыр. Грузияға оған қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Екі іс бойынша үкім (6 жыл түрме) ол Грузияға оралғанға дейін сырттай оқылып қойған.
Саакашвилидің өзі тағылған айыптармен келіспейді және істердің саяси астары деп санайды.
Дереккөзі: Азаттық радиосы
TOP
-
"Бір адамға - екі килограмм": Алматы әкімдігі тұрғындарға аула қоршауын сырлауға арналған бояуды тегін беріп жатыр
14.03 -
«Жабайылық деген осы»: Меруерт Түсіпбаева Түркістан облысындағы мешітте балаларға аяғын уқалатқан дін қызметкерін сынады
14.03 -
-
-
БҰҰ туы астындағы сәтті миссия: Голан жоталарындағы Қазақстан бітімгерлігінің бір жылы (фото, видео)
14.03 -
-
-
"Қараңғыда жұмысқа бармайтын болдық": Риддер қаласында жұмыс уақыты бір сағатқа шегерілді
14.03 -
-
-
-
-
-