Үкімет 2026 жылы 12 заң жобасын әзірлейді
Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасы, екінші жартыжылдықта 7 құжат енгізілмек. Әділет министрі Ерлан Сәрс ...
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Парламент депутаттары жаңа уақыт белдеуі бойынша Үкіметтің шешімін қолдағанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
Көшербаевтың айтуынша, талқылаған депутаттар қолданыстағы уақыт белдеуін сақтап қалу туралы шешімді қолдаған.
"Amanat фракциясының отырысында Үкімет бірыңғай уақыт белдеуінің әсеріне қатысты кешенді мониторингтің қорытындысын ұсынды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес денсаулыққа кері әсері, аурулар көбеюі немесе оқушылар үлгерімінің төмендеуі байқалған жоқ. Депутаттар біздің шешімді қолдады", – деді Көшербаев.
Сондай-ақ, ол қоғам тарапынан да кері пікір басылғанын мәлімдеді.
"Бұл мәселеде қоғам келісімге келді деп ойлаймын. Қазір көпшілік ШҚО-ның үлгісімен икемді жұмыс кестесін қабылдайды деп ойлаймын", – деді вице-премьер.
Айта кетейік, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан аумағында бірыңғай уақыт белдеуі енгізілді. Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, сондай-ақ, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында сағат тілі 1 сағат артқа жылжыды. Осылайша ел аумағы UTC+5 уақыт белдеуіне өтті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасы, екінші жартыжылдықта 7 құжат енгізілмек. Әділет министрі Ерлан Сәрс ...
XXV қысқы Олимпиада ойындары Италияда өтеді. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында 2026 ...
Талғат Смағулов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары ...