Жамбыл облысында 30 жыл тазаланбаған су арналары ретке келтіріліп жатыр
«Қазсушар» РМК-ның өңірдегі филиалы онға жуық жер арығын механикалық әдіспен тазартып жатыр. Жұмысқа Су ресурстары ж ...
Жамбыл облысында жантүршігерлік кісі өлімі бойынша сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұзақылық ниетпен адам өлтірді деп айыпталған кәмелетке толмаған Н.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сот мәліметінше, 2025 жылы қыркүйекте кәмелетке толмаған сотталушы Н. мен жәбірленуші К. арасында электрон темекі үшін жанжал шыққан. Жанжал барысында Н. К.-нің сол жақ кеуде тұсына бір рет пышақ сұғып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Салдарынан К. оқиға орнында қайтыс болған.
Айыпталушының кінәсі сотта куәлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденген.
Сот үкімімен Н. ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 9) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот материалдық шығын өтемі ретінде сотталушының заңды өкілінен 8 млн теңге өндірді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
«Қазсушар» РМК-ның өңірдегі филиалы онға жуық жер арығын механикалық әдіспен тазартып жатыр. Жұмысқа Су ресурстары ж ...
Үкім әлі күшіне енген жоқ. Шымкентте үй тазалауға келген әйелді өлтірген жасөспірім 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостанд ...
Алматыда жеке сот орындаушы өндіріп алушыларға тиесілі ақшаны заңсыз иемденгені үшін сотталды, — деп хабарл ...