Шырша сатып аламын деп қомақты қаржысынан айырылды
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...
Жыл басынан бері алаяқтық жасау үшін пайдаланылған 57 sim-box құрылғысы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, әртүрлі ұялы операторлардың 38 мыңнан астам тіркелмеген sim-картасы тәркіленді.
Астанада шетелдік азамат ұсталды. Ол ел аумағында алаяқтық жасау үшін желіге қосылған sim-box құрылғысын автокөлікпен тасымалдаған. Тінту барысында 128 слоты бар екі sim-box, қазақстандық ұялы операторлардың 19 sim-картасы және компьютерлік техника тәркіленді. Сондай-ақ заңсыз ұялы байланысқа қатысы бар елордалық екі тұрғын ұсталды. Тінту барысында екі sim-box және компьютерлік техника тәркіленді. Аталған құрылғыларды заңсыз сақтағаны және пайдаланғаны үшін Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды, — делінген мәліметте.
Күдіктілер қылмыстық схемалар арқылы апта сайын мың долларға жуық криптовалютамен заңсыз табыс тапқаны анықталды. Барлық күдікті адамдар қамауға алынды.
ІІМ азаматтарды мұқият болуға және күмәнді ұсыныстар туралы полицияға дереу хабарлауға шақырады.
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...
Құтқарушылар қыс мезгілінде мұз үстінде болатын оқыс оқиғалардың алдын алу үшін Есіл өзенінде тұрақты түрде патрульдеу ...
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 1414 SMS-шлюзіне қолжетімділікті күшейту туралы хабарлады. Е ...