«Мәйітті қайта қазып алдық»: Айзат Жұманованың ісі туралы сұмдық жайттың бетін ашты
Талдықорған қаласында күйеуінің қолынан қаза тапты делінген 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне байланысты қо ...
2023 жылдың 24 ақпанында Darkhan Juzz сахналық атымен танылған қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков Таиландта қаза тапқан болатын. Жуырда желіде әншінің өмірден өтерін алдын ала болжағандай әсер қалдыратын сұхбаты қайта тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сұхбаттарының бірінде музыкант өмірі туралы ой бөлісіп, жас кезінен өзіне қатысты пессимистік болжам жасағанын айтқан.
«Мен әрі кетсе 36–37 жасқа дейін ғана өмір сүремін деп ойлайтынмын. Кейін бір қайғылы оқиғадан көз жұмады деп елестететінмін. Алдымен жұлдыз болып, сахнаның сәніне айналып, кейін жоқ боламын деп ойладым. Бірақ уақыт өте бұл ойымнан бас тарттым. Бақытты өмір сүргім келді. Қартайып, немерелерімді көргім келді. Жарқын болашақты көріп, салауатты өмір салтын ұстануды қаладым», – деген еді ол.
Музыканттың бұл сөздері әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Көпшілік оның айтқандарын «ішкі сезімнің белгісі» деп бағалап, марқұмға қатысты жылы лебіздерін білдірді.
«Бәрін алдын ала сезген екен», «Ерте кеттің», «Тірі болғаныңда әлі талай белесті бағындырар едің», «Жақсы сөз сөйле немесе үндеме деген осы шығар», – деп жазды жанкүйерлері.
@darkhanjuzz1 Darkhan juzz тірі #darkhanjuzz???? #darkhanjuzz #juzz #darikenti #darkhan #дархан ♬ оригинальный звук — Darkhan juzz
Талдықорған қаласында күйеуінің қолынан қаза тапты делінген 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне байланысты қо ...
Танымал әнші Нұрғали Нүсіпжановтың қайын енесі дүниеден озды. Қаралы хабарды өнер иесі жеткізді, — деп ха ...
Әлеуметтік желіде әйелдерге қатысты айтқан пікіріне байланысты Қазақстандағы концерті тоқтатылған Jah Khalib лақап а ...