«Нәтижесін күтіп отырмыз»: Министр Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді
Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қ ...
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыман Алматыда жоспарланған жекпе-жегінің өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Спортшы Instagram-дағы парақшасында мойын жарақатына байланысты алдағы айқастың кейінге шегерілгенін айтты.
“Сәлем, достар. Қалайсыздар? Сіздермен соңғы жаңалықты бөліскім келіп отыр. Менің мойнымдағы жарақатыма байланысты жекпе-жегім болмайтын болды. Кейінге шегерілді десек те болады. Иә, командамен тыңғылықты дайындалдық, өте үлкен жұмыс атқардық. Бірақ енді осындай жағдай болып тұр. Дегенмен, әрқайсыларыңызға менімен бірге болғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Қазір мен үшін ең маңыздысы – денсаулығымды күту”, – деді Балауса Мұздыман.
Былғары қолғап шебері бірінші кезекте тезірек жарақатынан жазылуына басымдық беретінін айтып, қолдау көрсеткен барша жанкүйерге алғысын жеткізді.
Айта кетейік, 27 желтоқсанда Балауса Мұздыманның Алматыда жұдырықтасатыны белгілі болған.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от BALAUSSA MUZDIMAN (@muzdi___)
Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлына қ ...
Танымал ресейлік боксшы Артур Бетербиев қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы туралы пікір білдірді. Бұл туралы ...
Жекпе-жекке санаулы күндер қалғанда Жәнібек Әлімханұлының тапсырған допинг-тесті оң нәтиже көрсетті. Допинг сы ...