• 14-03-2025

Қазақстанда стоматологтардың табысы 5 жылдық рекордты жаңартты

Қазақстанда стоматологтардың табысы бес жылдық рекордты жаңартты, 2024 жылы олардың қызметіне 209,9 миллиард теңге жұмсалған, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 1,5 есеге өсіп, кейінгі бес жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

Стоматологиялық клиникалардың табысы 2023 жылды қоспағанда, кейінгі төрт жылда күрт өскен. 2021 және 2022 жылдары көрсетілген қызмет көлемі екі есеге өсті. Мұның бір себебі — зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға рұқсат беру, ал екіншісі — жеткіліктілік шекті көтеру.

Оған қоса стоматологиялық қызметтер көлемін өсуіне қымбатшылық әсер етеді. 2021 жылдан 2024 жылға дейін олардың құны жылына орта есеппен 11,5 пайызға өсті, ең жоғары көрсеткіш 2022 жылы тіркелді, бұл жыы 18,3 пайызға өсті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!