Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас әзербайжан халқының игілігі жолында атқары ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
"Құрметті отандастар!
Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз.
Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі.
Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін.
Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Айдан аман, жылдан есен болайық!", — делінген құттықтау хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас әзербайжан халқының игілігі жолында атқары ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне Император Нарухитоның атынан ресми қабылдау өтті. ...
Ауылға әркімнің бүйрегі бұрады. Әркім аз да болса ауылына үлес қосқысы келеді. Бірақ оны қалай жүзеге асыра ...