Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев СNNC компаниясының бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады
Қытайдың Ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (СNNC) басшысымен кездесуде атом энергетикасы саласындағы ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев СNNC компаниясының бас директоры Шэнь Яньфэнді қабылдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қытайдың Ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (СNNC) басшысымен кездесуде атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шэнь Яньфэнге Қазақстанның бұл саланы дамыту жөніндегі жоспарын таныстырып, таяуда Ядролық энергетика агенттігін құру туралы маңызды шешім қабылданғанына назар аударды. Бұл ұлттық экономика алдындағы стратегиялық міндетті жүйелі түрде жүзеге асыруды көздейді.
Президент Қытай Халық Республикасының атом энергетикасында көшбасшы саналатын CNNC тәжірибесіне еліміз қызығушылық танытып отырғанын айтты.
Шэнь Яньфэн Мемлекет басшысына компанияның Қытайдағы және одан тысқары жерлердегі жобалары туралы мәлімет берді.
Әңгімелесу барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланатын озық технологияларды зерделеу және қазақстандық мамандарды оқыту бағытындағы ықпалдастық мәселелері қарастырылды.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Қазақстанға бір емес, үш атом электр стансасын салып, ақырында толыққанды ядролық кластер қалыптастыру қажет деп есептейтінін жеткізді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Қытайдың Ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (СNNC) басшысымен кездесуде атом энергетикасы саласындағы ...
Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкіл ...
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. Мемлекет басшысы Халықаралық орыс тілі ұйымы Бас хатшысының ...